Британдық дизайнерлер Путинді суперқаһарманға балады

/uploads/thumbnail/20171007120659305_small.jpg

Британдық айрықша Matchless London бренді өздерінің алғашқы капсюльді топтамасындағы күртені Ресей Президенті Владимир Путинге арнап шығарды. Business Of Fashion басылымы топтамадағы әрбір күртеше 1699 доллар тұратындығын айтты,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қаһарман» аталатын топтама 2018 жылдың қаңтарынан бастап сатылымға шығарылады. Оған қоса бұл топтамада Брюс Уэйн (Бэтмен), «Жұлдызды жауынгерлердегі» Хан Соло сынды қаһармандарға арналған сырт киімдер де бар.

«Біз Ресей президенті Владимир Путинді қазіргі заманның қаһарманы деп білеміз. Сондықтан оның мықты мінезі мен бруталды имиджіне, әзіл-оспақты түсіне білу қабілеті мен әлемдік лидер ретіндегі сабырлылығына бас иеміз»,- деді Matchless London-ның директоры  Мануэль Маленотти .

Matchless London белгісі 1899 жылы негізі қаланып, алғашында мотоцикл шығарумен айналысқан. Ал 1920 жылы мотоцикл жүргізушілеріне арналған күртешелер тігумен болса, ХХ ғасырдың ортасында жоғары деңгейдегі утилитарлы киімдер шығарумен таныла бастады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар