ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ОҚО Ішкі саясат басқармасы басшысы Төлеген Болатбек Бақтиярұлын жемқорлық айыбымен тұтқындаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мәліметіне сәйкес, Төлеген Б.Б жүргізушісі арқылы 2,1 млн. теңге көлемінде пара алған.
Әзірге видеоның қашан түсірілгені және Төлеген Болатбек Бақтиярұлының кімдерден пара алғаны хабарланған жоқ.
Айта кетсек, Төлеген Болатбек Бақтиярұлы 2016 жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысы болып еңбек етіп келді.
Пікір қалдыру