Иә, бұл сөзді Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев айтқан. Ол 2014 жылы 7 қарашада Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген кезде тосыннан осындай пікір білдірді. Алмазбек Атамбаев осыдан 1-2 жыл бұрын Қазақстан туралы да, Елбасымыз туралы оң пікірде болатын. Ол Астанаға алғаш ресми сапармен келіп Қырғызстандағы басты мәселелерді айтқан кезде Нұрсұлтан Назарбаев бұрыннан бауырлас елге қол ұшын созатынын айтып өтті. Сол кезде Алмазбек Атамбаев қуанғанынан болар Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің туған ағасындай көретінін айтқан еді.
Сондай-ақ Атамбаевтың ҚР мемлекет басшына жағымпазданғаны ма, әлде шынайылығы ма белгісіз 2015 жылы тамыз айында Ыстық-көлге демалуға шықырған.
Атамбаевтың Қазақстан туралы, Президентіміз туралы мақтау сөздері әлі аяқталған жоқ. 2015 жылы тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаев Ыстық көлге демалуға барған кезде Алмазбек Атамбаев өз алғысын жаудырып, «қырғыз бен қазақ бір туған, екі елдің шекарасының арасында ешқандай кедергі болмау керек», — деп пікір білдірген болатын. Сол кездегі алғысы да, тілге тиек еткен қырғыз-қазақтың достығы да жалған, жағымпаздану болғаны ма? Әлде Қазақстанның Қырғызстанға көмек көрсетуі үшін ғана айтылған сөздер ме? Бұл сөздер Атамбаевтың бірнеше жыл бұрын ойластырған астыртын саясаты да болуы әбден мүмкін деген пікірде қаласың, кейде...
Сонымен бірге Атамбаев 2014 жылы қараша айында Қазақстанға келген кезде жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген еді.
«Қырғызда «қолда бар алтынның қадірі жоқ», — деген жақсы сөз бар. Қазақстан халқы Нұрсұлтан Назарбаевтың қадірін білсін. Мен көптеген елдің президенттерімен кездесіп жүрмін. Сонда менің таңғалғаным әлем Назарбаевты бағалағандай ешбір елдің басшысын бағаламайды. Кіммен кездессем де Путин болсын, Меркел болсын басқа да елдің басшылары Назарбаевқа тең келмейді. Нұрсұлтан Назарбаевтай басшылар дүниеде жоқ емес, алайда аз.», — деп сұхбат берген.
Назарбаевтай президенттің қадірін білсін деген Атамбаевтың қазіргі кезде біздің елге де, Елбасыға да күйе жағып отырғаны қалай?!
Қырғыз-қазақ достығы туралы Қырғызстанға көмек керек кезде Атамбаев жиі айтатын. Ал қазір сайлау басталар шақтағы іс-әрекеті аспен атқанды таспен атқанмен бірдей. Белгілі бір компанияны емес, бүтіндей мемлекетті басқарып отырған Атамбаевтың іс-әрекеті адамдыққа жат дүние. Осыған дейін Қазақстанның Қырғызстанға жасаған көмегі, жақсылығы еш кеткені ме? Осыған дейін бауырлас елміз деп дастарханымыздан дәм татып, асымызға түкіргені Атамбаевтың жігіттігіне де, ел президенті екендігіне де сын болар...
Шолушы: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру