Қазақстандық дзюдошы Ташкентте жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20171008123601329_small.jpg

Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Ташкентте өткен дзюдодан Гран-при кезеңінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Әлемдік Гран-придің екінші күні Жансай Смағұлов Ауғанстан спортшысы Ришад Ариармудты жеңіп жартылай финалға өткен болатын. Кейін өзбек спортшысы Мирзохид Фармановты жеңген ол ақтық сында жергілікті дзюдошы Гиесжан Бобоевтан басым түсіп алтын медальға ие болды.

Еске сала кететін болсақ, Ташкентте дзюдодан Гран-при 6-8 қазан аралығында өтіп жатыр. Осы кезеңде Өзбекстан астанасына әлемнің 27 елінен 183 спортшы жиналды.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар