Порошенко мен Ердоған Қырым мәселесін қайта қозғамақ

/uploads/thumbnail/20171009161311114_small.jpg

Бүгін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми іс-сапармен Украинаға келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бүгінгі шара Украина мен Түркия арасындағы стратегиялық кеңестің 6-шы кездесуі екенін айта кеткен жөн.

Түрік басшысының ресми сайты алда болатын талқылауда барлық стратегиялық бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралатынын айтты. Сондай-ақ халықаралық әлем мәселелері мен аймақтық қауіпсіздік жайы да қозғалады. Түрік тарапы «Қырым мәселесінің» де шет қалмайтынын ескерді. Яғни, Порошенко мен Ердоған қырым татарлары жайын да терең талқылайтын болады.

Ресми шара Мәскеу уақытымен есептегенде сағат 13-те Украина президенті әкімшілігі ғимаратында басталады. Сағат 15:00-де екі басшы украиналық және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездеседі.

Қатысты Мақалалар