Миннесота көлінен белгісіз тіршілік иесінің денесі табылды (видео)

/uploads/thumbnail/20171010093504032_small.jpg

Интернет желісінде су перісіне ұқсас тіршілік иесі бейнеленген видео таралып кеткен. Онда балыққа да, адамға да ұқсайтын нәрсені арнайы киім киген адамдар су ішінен шығарып жатқанын көруге болады. Оқиға куәгері видеоны тығылып түсірген деп жазады planetanovosti.com.

Видеода су перісі делінген тіршілік иесін анықтап көру қиын, алайда оның  қызға ұқсас екенін байқауға болады.Оператор видео соңында тіпті тастар артында тығылып қалған.

Айта кетейік, осыған дейін де су перілерінің бар екенін дәлелдейтін фото, видеолар таралған болатын. Мәселен, 2015 жылы Польша тұрғыны түсірген фото, Мысырда табылған су перісінің қаңқасы мен АҚШ пен Париждегі жағдайларды айтсақ болады. Осындай фото мен видео дәлелдемелерге қарамастан, Американдық Мұхит Ассоциациясы су перілерінің жалпы табиғатта бар екендігін жоққа шығарып келеді.

Қатысты Мақалалар