Дональд Трамп жайлы ел білмейтін 20 ақиқат

/uploads/thumbnail/20171010140727043_small.jpg

Дональд Трамп өзінің президенттікке үміткер болатынын 2015 жылдың 16 маусымында мәлім етті. «Мен осы уақытқа дейін болмаған ең құдыретті президент атанамын» деді мультимиллиардер. АҚШ-тың бүгінгі президенті жайлы айтылмаған шындық әлі бар.

2015 жылы Forbes журналы Дональд Трамптың байлығын 4,1 млрд. долларға бағалап, әлемдегі ең бай адамдардың тізімінен 139-орынды бұйырды.

2015 жылы берілген салық декларациясына орай Трамп 515 компанияның президенті немесе мүшесі, одан бөлек 300-ге жуық қор оған инвестиция түрінде табыс әкеледі.

Дональд Трамп кәсібінің негізгі аясы – жылжымайтын мүлік пен БАҚ.

2016 жылғы сайлауда үміткер өзін саясаткер ретінде емес, бизнес өкілі ретінде көрсетпек болған. «Құдайға шүкір, мен саясаткер емеспін. Саясаткерлер әрекетсіз-ақ байып алады. Ондайларды жақсы білемін», - деген еді үміткер.

Дональд Трамп

Дональд Трамп 10-ға жуық басылымның авторы: «Дональд Трамп. Тони Шварц. Келісімге келудің тәсілдері» (2010), «Биікте өмір сүру» (1990), «Күнкөріс тәсілдері» (1991), «Қайта оралу – өнер» (1997), «Бізге лайық Америка» (2000), «Трамп ешқашан берілмек емес немесе өзімнің ең үлкен мәселелерімді табыс көзіне қалай айналдырдым», т.б.

2016 жылдың ақпанында мультимиллиардерді әлемнің Нобель сыйлығына ұсынды.

Лос-Анджелесте Дональд Трамптың сыйлығы жылжымайтын мүлікті сақтау, елдің, қаланың дамуына үлкен үлес қосқан адамдарға тапсырылды.

Трамп президент атанған уақытта тележүргізуші Опра Уинфиді вице-президент етемін деп уәде берген, уәдесі әлі орындалған жоқ.

«Күтуші», «Өміріміздің әр күні», «Жалғыз қалғанда-2. Нью-Йоркте адасу», «Шалопаи», «Берерли-Хилз ханзадасы» фильмдеріне түскені үшін екі мәрте Эмми сыйлығына ілікті.

«Үміткер» телесериалына түсіп, Голливудытң даңқты жұлдызы атанды.

Трамп пен NBC бірігіп Miss Universe Organization компаниясын басқарады. Аталмыш компания «Әлем аруы», «АҚШ аруы» және Miss Ten USA байқауларын өткізеді.

Магнат АҚШ-тан заңсыз мигранттарды шығаруды қалайтынын жасырмайды. Сондай-ақ Мексикамен шекарада мексикандықтардың қаржысына 8 млрд. доллар тұратын қамал орнатуды көздейді.

Өзіне қатысты айтылған сындарды елемеу мақсатында Трамп 3153 иелік сатып алған.

Өзге американдық саясаткерлерден айырмашылығы, Трамп Ресей президенті Владимир Путинді Обамадан да мықты саясаткер деп санайды, әрі Путинмен қарым-қатынасын жақсартуды қалайды.

Дональд Трампқа дауыс берушілердің көбі – жоғары білімі жоқ адамдар.

Дональд Трамп

Республикашылдың сайлауалды пункті – американдықтардың жұмыс орнын сақтау мақсатында  Қытаймен өндірістік қатынас орнату реформасы.

1989 жылдан бастап Трамптың кәсібі банкротқа ұшыраған соң өзінің жеке байлығы үшін күресіп келеді.

Дональд Трамптың президенттік компаниясына апта сайын 2 млн. доллар кетеді.

Трамптың ұраны – «Американы қайта құдыретті мемлекет ету».

Трамп үш рет үйленген, 5 баласы бар.

Дональд Трамп

Дональд Трамп пен Хиллари Клинтонның пікірталасын көрсеткен Fox News арнасын 24 миллион көрермен тамашалаған.

Трамп – АҚШ тарихындағы президенттердің ішінде ең бай, әрі табысты президент саналады.

«Өз мансабыңды жасаудың түрлі әдістері бар. Бірақ ең жақсысы – керек жерде керек уақытта дүниеге келу!». Аталмыш цитата құрылыс магнатының ұлы Дональд Трампқа тән.

Қатысты Мақалалар