Қырғызстанда президент сайлауы бүгін сағат 8:00-де басталды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Қырғызстан президенті сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады.
Айта кететін болсақ, бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген, алайда Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты олардың деректері өшірілген және оларға дауыс берілмейтін болды. Бұл елде өткізіліп жатқан жетінші сайлау. Сайлау учаскелері бүгін сағат 20:00-ге дейін ашық болады.
Сонымен бірге сайлауды 700-ден астам халықаралық қызметкерлер бақылап жасайды.