Жұмыс үшін жеке өмірге уақыт таба алмаған мемлекеттік қызметкер мұңы

/uploads/thumbnail/20171016193302508_small.jpg

Бүгінгі күні сыртта жүріп те, әлеуметтік желілерде де мемлекеттік қызметкерлердің жұмысбастылықтан, ұдайы қосымша сағаттардан жеке өмірге уақыты жетіспей жатқандығын естіп жүрміз.

Көптеген қазақстандықтар жұмыста байланып қалудың салдарын  шенеуніктердің дұрыс жұмыс атқармауынан деп біледі. Өйткені қызметкерлер шынында да еңбек шартында көрсетілген сағаттардан тыс уақытта да,  ләм-мим демей жұмыста қала береді. Мәселен, бұрындары  мемлекеттік қызметте істеген, министрлікте жоғары лауазымға ие болған қызметкер жұмыстың жеке өмір мен ата-анасының орнын қалай  басқанын айтты. Ол өз есімінің құпия сақталғанын қалайды.

«Менің тәжірибемде мемлекеттік қызметте істеу жеке өміріме кері әсерін тигізді. Министрлікке жұмысқа орналасқан күннен бастап, онда  басыммен кірігіп кеттім. Өйткені сені ешкім елемейді немесе жұмыстан шығарып жібереді. Алғашқы кездері қызметіме барлық уақытымды жұмсағаныма мақтан тұтып жүрдім, алайда уақыт өте келе өмірімнің 100 пайызы тек жұмыстан тұратындығын аңғардым. Сүйген қызыммен де айырылысып кеттік, достарым да сиреп, араласатын ортам да түбегейлі өзгерді. Ең сорақысы, анамды туған күнімен құттықтауды ұмытып кеткен кездерім де болды. Бірақ ол маған ренжіген емес, өйткені анам менің болашағым үшін бар қаражатын жұмсап, супермемлекет қызметкері болу үшін оқытты емес пе? »,- деді ол ащы мысқылмен.

Жігіт неліктен жұмыста қараңғы түскенше қалатындығын айтып берді

Менің жұмыс күнім ресми түрде таңғы 09:00 ден 18:00-ге дейін болатын. Бірақ есімде қалғаны тек бір ғана рет уақтылы қайттым, ол менің туған күнім болатын. Тіпті, «міне жұмыс уақыты аяқталы, енді қайта беруге болады» деп отырған сәтте жоғарыдан хабарласып, жаңа тапсырма береді. Бір күн ішінде қаншама ауқымда жұмыс істесең де, әйтеуір, қосымша іс табылып тұрады. Әрине, көбіне өз шешіммен қалатынмын, бірақ олай істеуіме не себеп екендігі белгілі емес пе? Қосымша төлемақы жайында айта кетер болсақ, жақсы көрсеткішке жеткен қызметкерлерге сыйақы беріледі. Бірақ, жұмыс сағаттарынан тыс уақыт үшін ешқашан қосымша  төлемақы берілгенін көрген емеспін».

Естеріңізге сала кетейік, 9 қазан күні ҚР Мәжілістегі үкімет сағаттарында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі  Тамара Дүйсеноваға мемлекеттік қызметкерлердің бекітілген уақыттан артық жұмыс істеуі жөнінде сұрақ қойылған болатын.

Бұл сұраққа министр: «ҚР еңбек шартына сәкес, аптасына 40 сағаттық жұмыс уақыты бекітілген. Егер артық сағаттар жөнінде айтсақ, бір тәулікте 2 сағаттан артық жұмыс берілмеуі керек. Бірақ бұл көрсеткіш айына 12 сағаттан аспауы тиіс. Осыған сәйкес, қызметкер артық жұмыс істеуге жазбаша түрді келісім беруі керек»,- деп жауап берген болатын.

Қатысты Мақалалар