Атырау облысында төбелесте ер адам оққа ұшты

/uploads/thumbnail/20171017104111747_small.jpg

Атырау облысында төбелесте 32 жастағы ер адамды атып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  "Ак Жайык"-қа сілтеме жасап. Қанды оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында 15 қазанда орын алған. Белгілі болғандай марқұмның артында әйелі мен үш кәмелетке толмаған балалары қалды. Атырау ІІД баспасөз хатшылығының мәлімдемесіне сәйкес оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдікті ұсталды.

Қатысты Мақалалар