Қырғызстан Премьер-министрі Сағынтаевпен қол алысқан суретін жариялады

/uploads/thumbnail/20171019140419413_small.jpg

Қырғызстанның Премьер-министрі Сапар Исаков өзінің Facebook парақшасында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен түскен  суретін жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«18-ші қазанда Астана қаласына жасалған іс-сапарымда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездестік. Кездесу барысында екіжақты экономикалық қатынастардың проблемалық мәселелері қаралды. Екі елдің  шекара, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау салаларына қатысты мәселелер және ЕАЭО мен ДСҰ ережелері мен нормаларына сәйкес кеден және салық әкімшіліктендіруіне қатысты проблемалық мәселелер талқыланды» деп жазды Сапар Исаков.

Қырғызстан Премьер-министрі  2017 жылдың 19-шы қазаны  сағат 00:00-ден бастап екі елдің шекараларынан өтуде басым бағыттардың тәртібі қамтамасыз етілетіндігі жөнінде келімге келгендерін айтып өтті. 

meet

meet

meet

Айта кетсек, Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаков бастап келген құрамында 30-ға жуық өкілетті мүшесі бар ресми делегациямен кездескен болатын.

ҚР Премьер-министрі қырғыз делегациямен кездесуден кейін мәлімдеме жасағаны хабарланды

Қатысты Мақалалар