Испания үкіметі Каталонияның автономия мәртебесін тоқтату жайын қарамақ

/uploads/thumbnail/20171019164618135_small.jpg

Испания үкіметі Каталонияның автономия мәртебесін тоқтату мәселесін қарау үшін 21 қазанға үкіметтің шұғыл жиынын шақырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып. Бұған дейін Каталония басшысы аймақ тәуелсіздігін жариялайтынын мәлімдеген болатын.

Испания премьер-министрі Мариано Рахой кеңсесі 19 қазанда Каталония аймағы өзіне алған заңды міндеттемесін орындамаса онда үкімет Испания конституциясының 155-бабына сүйеніп аймақтың автономия мәртебесін тоқтатып, Мадридтің аймаққа тіке басқару жүйесін орнатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік,1 қазанда өткен референдумда Каталония сайлаушылары Испаниядан бөлінуін қолдаған соң, Испаниядан бөліну құқығына ие болғанын мәлімдеп, тәуелсіздік декларациясын қабылдаған. Бірақ ол декларацияны жарияламай, әуелі Мадридпен келіссөз өткізуге шақырған  болатын.

Қатысты Мақалалар