Бүгін 19 қазанда Қырғызстан Республиксының президенті Алмазбек Атамбаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.
Телефонмен әңгімелесу барысында екі мемлекет басшылары Қырғызстан-Ресей қарым-қатынасының өзекті мәселелерін тілге тиек еткен. Сонымен бірге Еуроодақтың алдағы экономикалық дамуы турасында талқылау жүрген. Атамбаев Путинді Қырғызстанда маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетіп жатқанына алғыс айтты.