Путин Назарбаевты дипломатиялық қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

/uploads/thumbnail/20171022164352537_small.jpg

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамуын, оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы жетістіктерді ерекше атап өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kremlin.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

РФ Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жедел хат жолдады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,  біздің елдердің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ширек ғасыр аралығында Ресей мен Қазақстан халқының достығы мен сыйластығының арқасында екі ел арасында стратегиялық серіктестікті, одақтастықты жоғарғы деңгейге жеткіздік», — делінген  хабарламада.  

Сонымен бірге Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс тіледі.

Қатысты Мақалалар