Алматыда жыл басынан бері 50 ойын мекемесі жабылды

/uploads/thumbnail/20171023115340065_small.jpg

Алматыда жыл басынан бері 50 ойын мекемесі жабылған.

Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Консультациялық кеңес отырысында айтылды.

«Экономикалық тергеу қызметінің мәліметі бойынша 2017 жылдың басынан бері 50 ойын мекемесі жабылды. Оның ішінде 43 мекеме электронды казиномен айналысса, 7 - ойын аппаратының залы ретінде жұмыс істеп тұрған.  617 компьютерлік техника, 246 теледидар, 117 электронды терминал, 21 ойын автоматы мен шамамен 6 млн теңге ақшалай қаржы алынды», - деп хабарлады Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков.

Департамент басшысы бюджетке түсетін салық пен өзге де төлемдердің болжанған көрсеткішін де баяндады. Алматыда 183 754 кәсіпкер жұмыс істейді, оның ішінде 74,9 мыңы заңды тұлға және 108,9 мыңы - жеке кәсіпкерлік.

Алматы қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 103%-ға орындалған. Яғни, 1 206 058 млн теңге жоспарланса,  1 246 762 млн теңге салық түскен.

 «Консультативтік-кеңес беруші органның алдыңғы отырысының қорытындысы бойынша бизнестің сауалына қатысты «Қазақтелеком» АҚ электронды шот-фактура ақпараттық жүйесі каналы операторының өткізу қабілетін арттыру туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде каналдың жүгі тұрақталды және 500 мбит/с дейін реттелді», - деп атап өтті Асқар Тынысбеков.

Салалық қауымдастықтар мен компанияларға жалған лотореялар мен ақша ұтысы бар интернет-ойындарының зиянды әсері туралы, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесімен айналысатын тұлғалардың, жалпы аумақта сондай ойын автоматтарын орналастыру үшін орынжайды жалға берушілер мен олардың иелерінің қылмыстық жауаптылығы туралы тағы бір айтылды.

Кездесу барысында электронды шот-фактураны беру кезінде қайталанатын қателіктер, АСТАНА-1 ақпараттық жүйесін енгізу мәселелері қаралды.

Қатысты Мақалалар