24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20170904175036352_small.jpg

24-26 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Өткен демалыста бірнеше аймақта ауа райының нашарлауы күтілгенге байланысты дауылдық ескерту хабарланған болатын. Қазақстанның территориясына барған сайын қардың жаууын әкелетін циклондар жылжып жатыр. Республиканың батысында орналасқан циклон, солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынды тудыруда.

Жақын үш тәулікте жауын-шашын барған сайын қарға ауыса бастайды. Циклонның жылжу шамасы бойынша және онымен республиканың солтүстік-шығысына суық атмсофералық фронттармен байланысты, солтүстік, сонан соң және шығыс облыстарында қатты қар жауу, батыстық ұйытқымалы 23-28 м/с жел, кейбір жерлерде боран, көктайғақ күтіледі.

Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығысында, жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан  3-5º С төмен, оңтүстік облыстарда нормаға дейін төмен болады.

Қатысты Мақалалар