Нығматулин Атыраудағы «Нұр Отан» партиясында қабылдау өткізді

/uploads/thumbnail/20171024093235721_small.jpg

Астанада 23 қазанда Мәжіліс Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Нұрлан Нығматулин партияның Атырау облыстық филиалында азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдады.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сүйене отырып жазады.

Спикердің қабылдауына келгендер «Атырау - Астрахан» жолының жөнделуі, жаңа мектеп салу, тұрғын үйлердің газбен қамтамасыз етілуі басқа да әлеуметтік мәселелерді алға тартты.  

Нұрлан Нығматулин айтылған жайларды заңнамалық тұрғыдан шешу мүмкіндіктерін қарастырып, жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арада болған келісімдердің орындалуын бақылауға алмақ. 

Қатысты Мақалалар