АҚШ президенті Дональд Трамп Нигерде қайтыс болған сарбаздың жесірін өтірік айтып отыр деп айыптады. Бұл жайында CNN хабарлайды.
«Мен Дэвид Джонсонның жесірі арамызда маңызды әңгіме болды. Мен сержанттың есімін басынан бастап дұрыс айттым» деп мәлімдеді Трамп өзінің Twitter парақшасында.
Біраз уақыт бұрын Дэвид Джонсонның әйелі Good Morning America аталатын таңғы бағдарламаға келіп: «Президент маған көңіл айтып хабарласқанда қайтыс болған күйеуімнің есімін қате айтты. Бәлкім алдында қалың құжаттар жатқаннан болар» деп айтты.
«Мен оның дөрекілігінен жылап жібердім» деп айтып өтті Джонсон.
Президент 17-ші қазанда Дэвид Джонсонның әйеліне хабарласып, көңіл айтқан. «Ол өзінің неге бара жатқанын білді. Сонда да, аталмыш оқиға орын алғанда жаның ауырады» деп айтты АҚШ президенті.
Айта кетсек, Дэвид Джонсон 5-ші қазанда қайтыс болды. Нигер мен Малиде қозғалушы Аль-Каида террористік тобының содырлары сарбаздарға шабуыл жасаған. Атыс кезінде Нигера әскерінің 5 сарбазы көз жұмған.