Германия президенті: Ресеймен қарым-қатынасымызға көңілім толмайды

/uploads/thumbnail/20171026122801177_small.jpg

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер өз елінің Ресеймен қарым-қатынасы деңгейіне көңілі толмайды. Бұл туралы ол Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін мәлімдеді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Штайнмайер Ресейдің Қырымды аннексиялауы мен Украинаның шығысындағы жанжалға қарамастан, екі ел қарым-қатынасты жақсарту үшін, бірлесіп күш жұмсау керегін айтты.

Путин болса Германия президентінің еліне сапарынан кейін екі жақты қарым-қатынас нығаяды деген үміттенетінін білдірді. Путин сонымен бірге Штайнмайермен Украина шығысындағы жағдайды талқылағанын айтты.

"Германия мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың салқындығынан Штайнмайердің Ресейге сапары мемлекеттік деңгейде емес, жұмыс сапары ретінде жасалды" деп жазады Deutsche Welle.

Қатысты Мақалалар