Елбасы телесұхбаты ғаламторда қызу талқыланып жатыр

/uploads/thumbnail/20170708160953913_small.jpg

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың телесұхбаты еліміздің бірінеше телеарнасынан көрсетілді. Әртүрлі тақырыпты қамтыған сұхбат әлеуметтік желіде қызу талқанып жатыр.

Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар арасында телесұхбат тұшымды болмағанын, Қазақстандағы қазіргі жағдай яғни, "бензин тапшылығының себебін, үй бағасының қымбаттығын" айтпады деп жазады. Ал, керісінше "Президенттің осы сұхбаттағы тәуелсіздік туралы..." айтқан ойларын жалпы қоғамға нәсихаттау керектігін жазғандар да бар. Сондай-ақ, желідегі жазбада қандай мәселелердің айтылман қалғандығы да жазылды. Бұдан бөлек, Президентпен сұхбаттасқан журналистерге кәсіби мамандар тұрғысынан біраз сын айтылды.

Ақберен Елгезек, ақын, "Ұлт" порталының бас редакторы:

- Егер Президенттің осы сұхбаттағы тәуелсіздік туралы, мемлекеттілік, тіл, діл туралы айтқандарын Үкімет мүшелері, әкім-қаралар, телеарна мен баспасөз басшылары ұран қып ұстап, барлық жерге іліп, теледидардан көрсетіп, газет-сайттарға басып, улардай шуламаса, онда бұл жай ғана және кезекті рет халықты бала сияқты алдай салу деп білемін. Қандай сөздер десеңіздер, тізіп берейін.

Нұрсұлтан Назарбаев: "Тілімізді, дінімізді, ұлттығымызды сақтап қалған қазақ халқы қандай керемет!Ешқайсысымен қосылып кеткен жоқ..."

"Ғалымдарға айтып, тиісті жұмыстарды істеп келе жатырмыз. Біздің жастар мен жалпы қазақ халқы еліміздің мың жылдық тарихы бар екенін білуі керек..."

"Халық өз басшыларын сайлаған кезде сол басшыға тізгінді қолына беріп: «біздің жағдайымызды ойла» деген тілегін айтады. Айтылмаса да, халық аманатының мағынасы сол. Сондықтан да, Президенттің, ел басқарған адамның мойнындағы жүктің ауырлығы осында. Болашақтан келе жатқан оқиғаларды біліп, тұспалдап, сараптап, соған қарсы алдын ала қиындатпау мәселесі..."

"Біз Еуразиялық экономикалық одаққа қосыла отырып, өзіміздің үшінші елдермен байланысымызды жоғалтпаймыз, ол ешқандай шартқа қайшы да емес..."

Жалғас Ертай, блогер:

- Халық теңгемен айлық алады, теңгемен сауда жасайды, деді президент. Айтпағы - теңгенің құнсыздануы халықтың жағдайына әсер етпеуі керек дегенге келіп тұр. Ал, елімізге келетін, халық тұтынатын тауардың басым көпшілігі импорт екенін айтуды ұмытып кетті. Тіпті, бензин де импортталады ғой. Ол дегеніңіз - отандық тауарлардың да бағасы сол импорттың бағасына тікелей тәуелді деген сөз. Очм, Путиннің риторикасының тікелей калькасы болды, осы жері.

Руслан Меделбек, Азаттық радиосының тілшісі:

 - Назарбаев халықты әр сөзімен доллардың өсуіне дайындап жатқандай көрінді... Ешкім бензин тапшылығының себебін, үй бағасының қымбаттығын, Астанадағы үйлерді сүру, оппозициялық басылымдардың жабылуы туралы сұрамады. Былтырғы сұрақтар һәм былтырғы жауаптар...

Дина Төлекова, тележурналист:

- Қазақтың Ларри Кингтері қайда? Познері қайда? Президенттен сұқбат алып отырған кімдер? 25 пен 30 жастағы жас журналистер мен дикторлар. Сөзіне ел сенетін, елді сендіретін тәжірибелі, салихалы ой айтатын, Президентпен әңгімесі жараса кететін, жасы ең құрғанда елуден асқан мықты интеллектуал тілшілер, терең аналитиктер жоқ па? Бәрі бас шұлғи қатып қалған, жасанды күлкі. Дискуссия жоқ. Араларында байланыс байқалмайды. Президент пен жас тілшілер арасындағы алшақтық - 50 жас!!! Жаттанды сұрақтар, жасқанған жастар. Обшым - жасандылық көзге ұрып тұр.

Қуандық Шамахайұлы, халықаралық журналист, ҚР мәдениет қайраткері:

- Жасы жетпістен асқан ақсақалға, жай біреу емес мемлекет басқарып отырған ірі саяси тұлғаға немересімен жасты жас келіншектің махаббат, сезім туралы сұрақ қоюы, оған ерекше ықыласпен жауап берілуі әдепке сай келе ме? Қазіргі қоғамды қатты толғандырып отырған өзекті мәселе ме еді, сол?! Ақордада отырып алып осындай әңгіме эфир арқылы да айтылады екен-ау!

... Сосын, тағы бір нәрсеге таң қалғаным сол әдемі жігіттер мен қыздар ана кісіге ұнайтын сұрақтарды қалай тауып қоя береді-ей, тем более на русском языке? Диалог па, монолог па?

Айдос Жұмаханұлы, журналист:

- Өзі өзіне сенімді адам баспасөз мәслихатын тікелей эфирде өткізеді. Оған саяси көзқарасына қарамастан кез келген журналист қатысады һәм сұрақ қоя алады. Менің Путин көкем сөйткен болатын. Алдын-ала түсіріп, күзеп-түзеп, монтаждалған деректі фильмге алданып отырған аңғал халқым аман болсын!
Айтпақшы, журналистерді кіналамаңыздар. Олар бұйрықпен жүреді.

Нәзия Жоямергенқызы, "Түркістан" халықаралық газетінің журналисі:

 - Неге? Тікелей эфирде неге өткізілмеді? Сұрақтар неге өткір емес? Кез келген тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге президенттің білімі мен білігі жетеді. Дəл қазір тығырыққа тірелген Путиннің өзі өткір сұрақтардан қашқан жоқ. Кездесуді ұйымдастырушылардың көздегені не? Собчак құрлы болмады ма біздің журналистер? "Сайқымазақ" сұрақтармен кімді мазақ қылды?!

Дереккөз: "Түркістан" басылымы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар