Ғасыр құпиясы: АҚШ президенті Джон Кеннеди өліміне байланысты жаңа деректер

/uploads/thumbnail/20171027104414884_small.jpg

Америкалық билік АҚШ-тың 35-президенті Джон Кеннедидің өліміне қатысты жаңа деректерді жариялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды.

1992 жылы АҚШ Конгрессі бұл мәліметтер 2017 жылдың 26 қазанынан кешікпей халыққа жария етілуі тиіс деп бекіткен. Осыған қарамастан 300-ден аса құжат халық назарынан тыс қалып, жарияланбайтын болды деп шешілді. Оның себебін Трамп федералды агенттітер мен ведомствалардың сұрауы бойынша екенін айтты. «Бұл өтініш пен сұрауларды қанағаттандырудан басқа амалым жоқ болып отыр, себебі ол біздің ұлтымыздың қауіпсіздігі үшін маңызды»-деді Трамп.

Джон Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальд белгілі болған деректерге сәйкес, президентке қастандық жасамас бұрын Мексика астанасына барып келген. Осы сапары барысында оның КСРО мен Куба елшіліктермен байланыста болғаны анықталған. Сонымен бірге, ол Кеннедиді өлтіргісі келетінін ашық айтып жүрген.

ж

Л.Х Освальд

Освальдтың Куба лидері Фидель Кастроға қастандық жасамақшы болғаны туралы мәліметтерді ЦРУ жасырын ұстаған. Осыған қарағанда, кубалықтар Кеннедиді өлтіртуге себеп болған. Ресми мәліметтер  Кеннедидің өліміне бір ғана қылмыскер кінәлі екенін айтып отыр. Тергеу мәліметтері бойынша, Ли Харви Освальд снайперлік мылтықпен Кеннедиді Далласқа сапарға кетіп бара жатқан жолда 1963 жылдың 22 қарашасында атып өлтірген. Америкалықтардың 60 пайызы әлі де Кеннедидің өліміне Освальдтің кінәлі емес екенін, президентке қарсы біреулер астыртын сөз байласып қастандық ұйымдастырғанын айтады.

Тағы бір пікірлер бойынша, Кеннедиді вице-президент Линдон Джонсон өлтіруі мүмкін еді. Кеннеди сол кезде Вьетнам территориясындағы АҚШ  әскерін шығармақшы болған. Алайда, мұндай әрекет мұнай компанияларына кесірін тигізуі мүмкін еді. Джонсон президенттің бұл идеясына қарсы болған. Джонсонның президенттіке келгеніне небәрі төрт күн өткенде вьетнамдық театрдағы америкалық солдаттардың белсенділігі күрт өскен.

Кенеди өліміне массондар кінәлі болуы да мүмкін деген пікірлер бар. Арнайы құпия қызметтері мен ФБР, ЦРУ сияқты ұйымдардың да қатысы бар болуы әбден мүмкін.

АҚШ-тың Ұлттық архиві сайтында 2891 құжат жарияланған. Бұлардың барлығы президент Джон Кеннедидің өліміне байланысты деректер. Алайда бұл деректердің барлығы Кеннедидің өліміндегі әлдеқашан белгілі деректерге тек толықтырулар ғана, сенсациялық ақпараттар жоқ. Десек те, Трамптың құжаттардың көп бөлігін халық назарына бермей отырғаны да әлі көп сырлар мен құпиялардың ашылмай жатқанын көрсететін сияқты.

Қатысты Мақалалар