Алматыда сарапшылар кездесулер сериясынан өңірлік дөңгелек үстел болып өтті

/uploads/thumbnail/20171027134933160_small.jpg

Бүгін Алматы қаласында Достық үйінде «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» атты сарапшылар кездесулер сериясынан өңірлік дөңгелек үстел болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш шараны Еуразиялық интеграция институты Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Бүгінгі шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты жалпыұлттық 6 жобасының бірі болып табылатын «Туған жер» жобасының Алматы қаласында іске асырылу мәселелері жайында сөз қозғалды.

Дөңгелек үстел барысында модератор ретінде қатысқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы шара қатысушыларына өзінің құттықтау сөзін арнады.

Еуразиялық интеграция институты директоры директорының орынбасары Наталья Калашникова өз сөзінде аталмыш іс-шараның Рухани жаңғыру бағдарламасын талқылау бойынша Институт жүргізіп отырған сарапшылық кездесулер сериясында нышанды іс-шара болып табылатындығын атап өтті. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін өткізілген кездесулер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, бағдарламаның іске асырылу барысы туралы сарапшылардың, жұртшылықтың пікірін жинақтап-қорытуға мүмкіндік береді. Алматы – ерекше қала, ол зиялылар элитасы шоғырланған жер, оны жобаларды іске асырудағы сапалық әлеует те, мүмкіндіктер шеңбері де айқын көрсетіп тұр. Аталмыш институт басшылығының мәлімдеуінше, институт республикалық және өңірлік деңгейде осындай 8 кездесу өткізген.

Наталья Калашникованың айтуынша, Бағдарламаның түп негізі – ел Президенті ұсынған 6 жобаны іске асыру арқылы қоғамды селқостықтан арылтып, жігерлі жетілу жолына түсіру болып табылады.

«Дәл осы жобалар осындай өзгеру процесін өрге сүйрер локомотивтер болмақ. Бұл ретте, Бағдарламаның өзі қоғамдық санамызды, дәстүрлерді, құндылықтарды, ортақ тарих пен тарихи жадты ескере отырып қалыптастыру ісінде ауқымды қазақстандық брендке айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, «Туған жер» жобасының Алматыда іске асырылуы біздің туған еліміздің имиджін қалыптастыру мен нығайтуға, өз қаламызға, елімізге деген махаббатымызға ықпал ететін жаңа мағынамен, қайырымдылық және меценаттық тұжырымдамамен толтырылады. Әрбір қазақстандықтың «Рухани жаңғыру» жобаларын іске асыруға белсене атсалысуының өзі жаңа ой, ұлттық сананың нығайтылуы болып табылады», - дейді Наталья Калашникова.

Шара барысында Алматы қаласы бойынша Рухани жаңғыру жобалық офисінің басшысы Гүлнәр Қалелқызы Қоңырова «Туған жер» арнайы жобасының іске асырылуы туралы» баяндама жасады.

Сонымен қатар дөңгелек үстелде «Туған жер» жобасын іске асыруда оқу бағдарламаларын дайындаудың маңызын атап өткен Тарихнама, деректану және заманауи әдіснама бөлімінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Уәлиханұлы Тоқтабай, Сорбонна-Қазақстан институты Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, саясат ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Құдайбергенұлы Сімтіков, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының президенті Князь Ибрагимович Мирзоев, «Абай ақпарат» Қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Әміроллаұлы Сарым, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік Нұрмұратов және өзге де жауапты тұлғалар спикерлік етті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдардың, жас ғалымдардың 100-ден астам өкілі қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жан-жақты талқылау, ұсыныстар әзірлеу және сапалы түрде іске асыру үшін осындай сұхбат алаңдары мен сарапшылық кездесулердің жұмысы маңызды екендігін атап өтті.

Қатысты Мақалалар