Украинаға қыстан шығатын көмір қоры жеткіліксіз

/uploads/thumbnail/20171027133224158_small.jpg

Украина жылыту мерзімін жанармай қорының өте төмен деңгейімен бастамақ. Өйткені мемлекет жылыту науқанына жанармай қорының рекордтық ең төменгі деңгейімен кіруде. Мамандардың айтуынша, Украинаға көмірді басқа елдерден импорттауды тез арада бастау керек. Егер көмір жеткіліксіз болса, онда елде энергетика жетіспеушілігінен төтенше жағдай орнауы мүмкін,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Газета.ру сайтына сүйене отырып жазады. 

Украинаның Үкіметтік статистика қызметі берген мәлімет бойынша, 2017 жылдың 1 қазанында тас көмірдің жалпы қоры 2,749 млн. тонна болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 33%-ға төмен және қыркүйек айына дейінгі жағдайынан 13,6%-ға құлдыраған.

Жанармайдың басқа да түрлерінен қор азаюда. Мәселен, 1 қазанға арналған мәліметке сүйенсек, бензин қоры 115,7 мың тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,4%-ға аз, ал дизель жанармайының қоры 177,6 мың тонна (14,3% төмен), мазут мөлшері 154,7 мың тоннаны (13,8%) құрайды.

Осы жылы Украина Донбассты экономикалық блокадаға қойып, ол жақтан көмір сатып алуды доғарған. Донбасстық көмірдің орнына Киев жанармайды АҚШ-тан сатып алуды бастаған. Бірақ бұл баға өте жоғары және екі жақ 700 мың тонна көмірдің бір тоннасын $133-құрайды.

Қатысты Мақалалар