Еліміздің туын көкке көтеріп жүрген танымал кәсіпқой боксшы Қанат Qazaq Ислам Алматыда әйгілі филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің фейсбук парақшасында жазды.
«Пакьяоның командасы дайын болса QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы "Almaty arena" спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды», — деп жазды Берік Сұлтан.
еске сала кететін болсақ, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйекте Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.