КХДР АҚШ-тың көзін қалай жоятыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171012130315717_small.jpg

Ядролық қару шығаратын бір электромагниттік импульс АҚШ-тың 90% тұрғынын қырып жіберуге қауқарлы. Атомдық бомба электрониканың барлығын істен шығара алатын электромагниттік импульс бөледі.

АҚШ территориясында бірақ атмосферадан тыс  жасалған жарылыс  бүкіл континентті тоқтан, электр энергиясынан айырып әуе апаттарына әкелуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Солтүстік Кореяға әлемге  қауіп төндіру үшін халықаралық континенталды баллистикалық зымырандар қажет емес. Пхеньян өзінің тасымалдаушы-зымырандарын пайдаланып, АҚШ атмосферасында жарылыс жасауы  мүмкін. Бұл өз кезегінде жоғары жиіліктегі элект магниттік импульстерге алып келеді. Соның салдарынан электр энергетикалық жүйе белгісіз уақытқа өшеді де, осы орайда 90% тұрғынның өліміне себеп болады»- делінеді құжатта.

Алайда, Пентагон КХДР мұндай тәуекелге бармауы да мүмкін дейді. Оның үстіне электромагниттік импульстер туындауы үшін бір ғана жарылыс жасау жеткіліксіз деген пікірде.  Осы орайда, КХДР  американдық бір қаланы жаруы ықтимал дейді Пентагон.

Қатысты Мақалалар