РФ «экономика және бизнес жоғарғы мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің оқытушысы, саясаттанушы Григорий Лукьяненко қазақ-қырғыз арасындағы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik Қырғызстан радиосына берген сұхбатында саясаттанушы екі көршілес мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан ортақ негізге ұмтылу керектігін айтты.
«Қырғызстан мен Қазақстанның сауда айналымы жағынан, мәдени және тарихи тұстан да ортақ байланысы көп. Бұл факторлар екі елдің қарым-қатынасын тұрақтандыруға негіз болуы тиіс», - деді Лукьяненко.
Сондай-ақ екі елдің арасындағы саяси қақытығысты осы жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін екендігін ескерді.
«Сайлау алды мұндай қақтығыстардың орын алғаны бір жағынан дұрыс та шығар. Алайда, Қырғызстанның жаңа басшысы Сооронбай Жээнбеков пен оның әкімшілігі Қазақстанмен арадағы қақтығысты жойып, бұрынғыдан да терең байланыс орнататынан сенімдімін», - деді ресейлік сарапшы.