Алматы қаласында «Алтын жүрек» республикалық сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде қайырымды адамдардың саны жылдан-жылға ратып келеді. Бұл туралы еліміздегі қайырымдылық саласында жұмыс істейтін «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастырушылары мәлім етті.
«Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлығы 11 жыл қатарынан «мейірімділік» атты асыл қасиетті жобаны күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдырған азаматтарды, мекемелерді, ұйымдарды марапаттайды.
Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын жүрек» сыйлығына Қазақстан бойынша биыл 455 өтініш келіп түскен.
Дәстүр бойынша, жыл сайын «Алтын жүрек» сыйлығы қайырымды жандарды 11 номинация бойынша марапаттайды. Олардың игі істері бұл қоғамда мейірімділік пен адамгершіліктің рөлін зор екенін білдіреді.
«Биылғы жылы номинанттар арасында ерекше қайырымдылық қасиетке ие, лайықты азаматтар баршылық. Атап айтсақ: Орал қаласының тұрғыны Біржан Қожақов сал ауруымен ауыратын науқастарды керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, үздіктер қатарында «28 петель» клубы, 25 баланың анасы атанған Екібастұз қаласының тұрғыны Екатерино Яценко, саясаттанушы Досым Сәтпаев, кәсіпкер-меценаттар Бауыржан Оспанов, Нұрлан Смағұлов және американдық Виктория Шарбону мен Елизабет Турнок бар», - дейді ұйымдастырушылар.
«Бауыржан» қорының үйлестірушісі Гүлзат Сахова елімізде қайырымды жандардың көбейіп келе жатқандығын айтады.
«Алтын жүрек» республикалық сыйлығының Орталық Азияда да беделі, мәртебесі өте жоғары деп айтуға болады. Биыл бұл сыйлықты табыстау шарасы 11-ші рет өткізіліп отыр. «Алтын жүректің» 11 жылдық тарихында қайырымдылық жасаушылардың саны 5 есеге өсті. 2016-2017 жылдадың ішінде тек түскен өнімдерге сәйкес 29,4 млрд теңгеден асатын қайырымдылық шарасы жүргізіді», - дейді Гүлзат Сахова.
Алматы қаласында өткен «Алтын жүрек» салтанатты марапаттау шарасына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысып, номинанттарды құттықтап, сөз сөйледі және қайырымды жандарға өз алғысын білдірді.
Аталмыш сыйлықтың негізін қалаушы Жұлдыз Омарбекова: «Алтын жүрек» сыйлығы қайырымды адамдарға берілетін сыйлық. Қайырымды істерді насихаттау аса маңызды деп ойлаймын» дейді.
Биылғы жылы «Алтын Жүрек» сыйлығына барлығы 150 өтінім берілген. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Солардың ішінде 80 өтінім жеке тұлғалардан келіп түскен. Сараптамалық Кеңес отырысында өтінімдердің ішінен әзірге әр аталымға үш үміткерден таңдап алынды.
Қоғамдық Кеңес мүшелері жасырын дауыс беру арқылы солардың ішінен жеңімпаздарды анықтайды. Қоғамдық Кеңестің құрамына қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар, кинематографистер, БАҚ өкілдері енген. Олардың ішінде танымал жазушы-драматург Ахметжан Әшіров, Vласть интернет-журналының бас редакторы Вячеслав Абрамов, кинорежиссер Сергей Азимов, тележүргізуші Қымбат Хангелдина бар.
«Алтын жүрек» сыйлығына қазылық ету өте қиын. Ұсынылған тұлғалардың барлығы да құрметке лайық, жүрегі алтын адамдар ғой. Барлығын да марапаттағың келеді. Бірақ, өкінішке қарай, әрбір аталымда бір ғана жеңімпаз болуы шарт. Мен өз басым қайырымдылықпен айналысатын адамдардың алдында басымды иемін. Олар қоғам тарапынан үлкен құрметке лайық азаматтар. Осы сыйлықты ұйымдастырушылар тарапынан қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан, қоғам тарапынан бұл шараға үлкен қолдау қажет», - деді Қымбат Хангелдина. «Алтын жүрек» бойынша 11 аталым белгіленген.
«Алтын жүрек» сыйлығының биылғы жеңімпаздары:
- «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» - Екатерина Яценко (Павлодар облысы);
- «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» - Мұрат Әділханов (Алматы);
- «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» - Біржан Құжақов (БҚО, Орал);
- «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» - «Алматы марафоны» спорттық қайырымдылық шарасы (Алматы);
- «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» - Расима Темербаева (Алматы);
- «Жыл меценаты» - Сергей Спицын (Алматы);
- «Ақпараттық қолдаушы» -Майра Абдрахманова (Алматы);
- «Жылдың қайырымды адамы» - Темірлан Шайнусипов (Алматы облысы, Ақ терек аулы);
- «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» - «28 петель» клубы (Астана);
- «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» - Виктория Шарбону және Элизабет Турнок (АҚШ)
Салтанатты рәсімде қонақтар мен биылғы жылғы лауреаттарды танымал өнер жұлдыздары, атап айтар болсақ, "Ұлытау" тобы, "Меломен" тобы, Жамиля Серкебаева, "Алашұлы" тобы, т.б. құттықтап, өнер көрсетті.