Алматыда студенттерге латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі туралы айтылды

/uploads/thumbnail/20171030124958724_small.jpg

Алматыда Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Мемлекеттік тіл-менің болашағым» ақпараттық-насихаттау шарасы аясында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасын талқылау бойынша «Латын әліпбиінің бүгіні мен келешегі» тақырыбында профессор-оқытушыларының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында студент жастарға қазақ қоғамындағы тіл саясатының тарихы, бүгінгі қазақ тілінің деңгейі туралы ақпараттар беріліп, латын әліпбиіне көшу барысының  артықшылықтары баяндалып, ауыл шаруашылығы мамандықтарына  латын әліпбиінің қажеттілігі туралы мәліметтер келтіріліп, пікірлер айтылды.

Алматы

Студенттердің пікірлерін білу мақсатында студенттерге сұрақтар қойылып латын әліпбиінің бүгінгі жағдайы мен болашағын қалай елестете аласыз деген тақырыппен еркін микрофон сәті ұйымдастырылды. 

Алматы

Айта кетейік, елімізде латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі бекітілді. 27 қазан күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған.

латын

Бұдан бір күн бұрын мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдаған кезде латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өткен болатын.

«Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр», – деді мемлекет басшысы.

Қазақ тілінің латын әліпбиі жобасы 25 қыркүйек күні парламент мәжілісінде таныстырылған еді. Осыған байланысты параламент тыңдалымы ұйымдастырылып, оған барлық мүдделі тараптар қатысқан болатын. Отырысты ашқан төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин  латын әліпбиіне көшу мәселесінде ешқандай қателік болмауы керек екендігін, бірақ та мұны іске асыру қарқынды жүретінін айтты. Оның айтуынша, латын әрпіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жыл бойына әзірленген.

Жаңа қазақ әліпбиі қазіргі кириллицадағы 42 әріптің орнына латын әрпінің 32 таңбасымен таңбаланатын болады.

Қатысты Мақалалар