Ерлан Қарин: Аймақтық телеарналардың эфирінде ауқымды өзгерістер басталды

/uploads/thumbnail/20170925113753119_small.jpg

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін 14 аймақтық телеарналардың эфирінде ауқымды өзгерістер басталды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы саясаткер Ерлан Қарин өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

«Бүгін «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін 14 аймақтық телеарналардың эфирінде ауқымды өзгерістер басталды. Жаңа маусым аясында, эфирлердің графикалық безендірілуі, студиялардың дизайны мен декорациялары жаңартылып, әр түрлі жанрды қамтитын жаңа бағдарламалар көрермендерге ұсынылады.

Сондай-ақ, барлық телеарналардың жеке атаулары өзгеріп, арна логотиптері корпорацияның ортақ белгісімен безендіріледі. Егер бұрын, «Қазақстан - Қарағанды», «Қазақстан – Қызылорда», «Қазақстан – Павлодар», «Қазақстан – Петропавл» т.б деп аталса, енді «Saryarqa», «Qyzylorda», «Ertis», «Qyzyljar» болып өзгереді. Әр аймақтың бұрыннан келе жатқан тарихи жер-су атаулары мен өңірлердің қалыптасқан атаулары негізге алынды. Ребрендингтің басты мақсаты — корпорацияға қарасты аймақтық телеарналарға жаңа серпіліс беріп, заман талабына сай даму жолдарын қарастырып, сапалы,интеллектуалды бағдарламалардың санын арттыру. Жаңа маусым аясында аймақтық телеарналарда 96 бағдарлама шығады.

Біз мүмкіндігімізше көрермендеріміздің талғамы мен талабын ескере отырып, талдау жасап, сапалы контент ұсынуға тырысамыз. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады», — деп жазды Ерлан Қарин. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар