Петропавл Хэллоуинге қызу дайындықты бастап кетті. Солтүстік Қазақстан облысында аталмыш мерекені тойлау қарқыны жыл сайын артып келеді: қалалық барлар әрлеу жұмыстарына кіріссе, мектеп оқушылары түрлі скетчтер қояды, ал СҚО прокуратурасына қарама-қарсы орналасқан ғимараттың иесі терезе алдына «Whore» («жеңіл жүрісті») деп жазылған, әрі киімі қанға боялған манекен іліп қойған. Бұл туралы жергілікті Петропавловск.news порталы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Манекеннің Қазақстан Конституциясы көшесінде және дәл прокуратураға қарама-қарсы ілініп тұрғаны тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырды. Оның үстіне, «Жеңіл жүрісті» деген жазудың Хэллоуинге қатысы жоқ.
Пікір қалдыру