Қырғызстан премьер-министрі: Қазақстан көмекті темір-терсекпен беретін еді

/uploads/thumbnail/20171031101922353_small.jpg

Қырғызстан премьері Қазақстанның Бішкекке техникалық көмек көрсеткісі келгеніне сенімсіздік білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Кыргызстан-ға сілтеме беріп.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстанның Бішкекке көрсетпекші болған көмегіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Бішкекке қажетті, керкеті техникалық көмек көрсете алмайтын еді.

2014 жылы Қырғызстан президент А. Атамбаев Қазақстан президенті Н. Назарбаевпен осы көмекке байланысты келісімге келген. Алайда қазір, президенттің айтуынша, мемлекет «3 жыл күткен» көмекке мұқтаж емес.

Қырғызстан премьер-министрі: "Қырғызстан Қазақстан уәде еткен 100 миллион долларды сарыла күтіп шаршаған, бәрібір көмек басқаша түрде келетін еді немесе мүлдем келмейтін де еді.."-дейді.

«Қазақстанның көмегінен бас тарттық, алайда дәл сол көмекті ұзақ күтіп едік. Менің ойымша, сол көмек бізге келмейтін де еді немесе темір-терсек болып келетін еді»-дейді Исаков.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар