Facebook және Google Ресейдің АҚШ сайлауына қатысы барын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20171031141039326_small.jpg

Facebook, Twitter және Google Ресей Федерациясының АҚШ президент сайлауына қаншалықты араласқандығы туралы мәлімет жариялады. Аталмыш әлеуметтік желілер американдық конгрес отырысында неліктен жалған мәліметті оңай таратуға болатынды туралы сұралатын болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сүйене отырып жазады.

Facebook-тың мәліметінше, Ресейдің мүддесін көздейтін жазбаларды 126 миллион американдықтар оқыған. Бұл сандарға сүйенгенде ол АҚШ тұрғындарының 40 пайызын құрайды екен. Әлеуметтік желінің мәлімдеуінше, жазбалар контентін интернет зерттеуші агенттік даярлаған.

Ал Google-ге сүйенсек, жоғарыда аталған ресейлік агенттік YouTube каналынан 17 саяси сипаттағы бейне жазбалар таратқан.

Iz.ru басылымының мәліметінше, Twitter ресейлік RT және Sputnik басылымдарының жарнамаларын жариялаудан бас тартқан.

Осыған дейінгі бір жыл бойы АҚШ Ресей Федерациясына қаншама рет кінәрат таққанмен, әлі күнге дейін нақты дәлелдерді келтіре алмай әлек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар