Британдық Шабааз Сүлейман есімді жігіт осыдан үш жыл бұрын ДАИШ террористік тобындағы содырларға қосылып кеткен. Өзінің халифаттағы өмірі жайлы ол Sky News журналисіне баяндап берген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
22 жастағы Шабааз сол жылдарда уақытының көп бөлігін PlayStation-да ойын ойнап, велосипед айдаумен өткізгенін айтады. Оның айтуынша, ол содырлармен жүргеніне 5 болғанда ғана топ туралы күдіктене бастаған.
«Әуел баста бұл жиһат болатын. Біз жиһатқа адамдарды өлтіріп, бауыздау үшін емес, тұрғындарды қорғау үшін шыққан болатынбыз»-дейді ол.
Жігіттің айтуынша, ол ешкімді өлтірмеген. Қауіпсіздік үшін қойнында қару-жарақ ұстап жүрген. Алайда, көп ұзамай оны «әскери полиция» бөліміне жіберіп, тұрғындарды бақылатып қойған. Британдықтың сөзінше, бұл кеңсе қызметкерлерінің жұмысы сияқты болған.
«ДАИШ террористерімен бірге болғаным рас. Бірақ, ешкімі өлітіріп, қорлаған жоқпын..»-дейді ол.
Қазіргі уақытта Сүлейман Түркия мен Сирия шекарасында орналасқан түрмеге қамалған. Террористерге қосылып ақымақтық жасағанын айтқан ол, Ұлыбританияға қайта келуді аңсайтынын жеткізді.
Сүлейманға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, бұрыңғы содырлардың көпшілігі террористердің әскери қимылдарында қатысқан жоқпыз, тек қызмет көрсетуші ретінде жұмыс істедік деп айтады екен.
Пікір қалдыру