Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерден кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20171101122742851_small.jpg

Шымкенттің әкімі болған Ғабидолла Әбдірахымов әріптестерімен қоштасып, оларға алғысын жеткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Today.kz порталы хабарлады. 

«Менің мемлекеттік қызметтегі ең керемет жылдарым Шымкентте өтті. Орынбасарларыма, бөлім басшыларына, аудан әкімдеріне және жергілікті полиция қызметінің басшысына алғысымды білдіремін. Жұмыс барысында түрлі жағдайлар кездеседі, сіздерді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мен бәріңізді сыйлаймын!», - деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Әкімнің қол астында жұмыс істеген қызметкерлері де Ғабидолла Әбірахымовпен жұмыс істеу қызықты әрі ыңғайлы екенін жеткізді.

«Сізбен жұмыс істеу қызықты. Кеткеніңізді қаламаған едік. Біз ғана емес, шымкенттіктердің бәрі қаламайды. Қалуыңызды өтінді де. Бәрі сізді жақсы көреді, сыйлайды. Бірге жұмыс істегеніміз үшін алғыс айтамын. Алдағы күндері әр ісіңіз табысты болсын деп тілейміз. Сіздің бізге үйреткеніңіз көп болды. Бір командадай жұмыс істедік», - деді бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Гүлжан Құрманбекова.

Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылы Шымкент әкімі болып тағайындалған. Ал 2017 жылдың 31 қазанында «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімі бойынша партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар