«Ва банк» және «Ыстық ұя» телехикаяларының актрисасы тұрмысқа шықты

/uploads/thumbnail/20171101155404710_small.jpg

«Ва банк», «Ыстық ұя» телехикаялары арқылы танылған кәріс актрисасы тұрмысқа шықты деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып жазады.

Әлемге танымал кәріс актрисасы Сон Хе Ге әріптесі Сон Чжун Киге тұрмысқа шықты. Олардың үйлену тойы кеше, 31 қазанда, бұл ақпарат актердің Instagram парақшасынан белгілі болды.

inform.kz

Биыл 36-ға толған Сон Хе Ге мен дорамадағы әріптесі 32 жастағы Сон Чжун Ки тойларын жақын туыстары мен достары арасында атап өтті. Айта кетейік, кәріс актерлері Сон Чжун Ки және Соң Хе Ге "Күн ұрпақтары" телехикаясында бірге ойнап, махаббаттары сол жобадан кейін өрбіген. Бұған дейін екі актердің шын өмірде де кездесіп жүргендері жайлы түрлі қауесет шыққан болатын.

qamshy.kz

Еске сала кетейік, Сон Хе Ге өнер жолын 1996 жылы "Бақытты күн" телехикасына түсу арқылы бастаған еді. Ол "Жүрегімде қалған күз" сериалынан кейін танымалдылыққа ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес, Азияның көптеген елдерінде көрсетілген "Нар тәуекел" ("All In"), «Ва-банк», «Ыстық ұя» телехикаяларында басты рөлді сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген еді.  

Ал Сон Чжун Ки "Сонгюнгвандағы жанжал" (Sungkyunkwan Scandal), "Күн ұрпақтары" (Descendants of the Sun) дорамасы арқылы танылған. Осы жетістігінен кейін актер Оңтүстік Кореяда сұранысы ең жоғары актерлердің қатарынан орын алды.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар