Атамбаев Қазақстаннан келетін ұнға тыйым салды

/uploads/thumbnail/20171101161902770_small.jpg

Қырғызстанда Қазақстанда өндірілетін байытылмаған ұнды тасымалдауға және пайдалануға тыйым салынды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сүйене отырып хабарлайды.

Алайда қазақстандық сарапшылардың айтуынша, бұдан біздің шаруалар еш ұтылмайды. Былтыр көрші елге 27 мың тоннадан астам ұн тасымалдадық. Бұл – экспорттың жалпы көлемінің бір ғана пайызы.

«Қырғыздар бүгінгі күнге дейін қазақстандық байытылмаған ұнға қатысты бір де бір шағымын айтпаған. Біздің өнім көрші елдің нарығында бұрыннан бар. Демек айырқалпақты ағайынның мұндай шешімінде саяси астар жатқан секілді», — дейді Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгений Ган.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар