Нью-Йорктегі террорист өзбекстандық: «ДАИШ мәңгілік өмір сүреді!» (видео)

/uploads/thumbnail/20171101194500667_small.jpg

Полиция қызметкерлері сейсенбі күні төменгі Манхэттендегі шабуылда пайдаланылған жүк көлігінен қылмыстың ДАИШ террорлық ұйымы үшін жасалғанын растайтын жазбаны тапты,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі NBC News-ке сүйене отырып жазады. 

Еске сала кетейік, шабуылды 2010 жылы Құрама Штаттарға Өзбекстаннан келген Сайфулл Хабибуллаевич Сайпов сейсенбі күні түстен кейін Вест-Тиде тас жолының маңына көлігімен велосипед жолына шығып кетіп, сегіз адамды өлтіріп, 11 адамды жарақаттаған болатын.

Саипов жүк машинасымен әдейі мектеп автобусына соқтығысып, қолына қару-жарағын алып «Аллаху Акбар» деп дауыстады.  

Жүк машинасынан табылған жазбада «ДАИШ мәңгілік өмір сүреді!» деген жазу және пышақ табылған.

Террорды жасаған Саипов Флоридада өмір сүрген. Оны танитын өзбекстандық танысы Қобылжон Маткаровтың айтуынша, Саиповтың мұндай әрекетке баруы күтпеген жағдай. Соңғы рет оны бұдан алты ай бұрын көрген. Маткаров: «Ол өте бақытты болып жүретін және АҚШ-ты сүйетін жігіт еді»,- деді телефон арқылы алынған сұхбатта.

nbcnews

Алғашқыда Саиповтың АҚШ-қа қалай қоныс аударғандығы жөнінде белгісіз болған. Ал оның досы Маткаровтың ойынша, Саипов қазірде Нью Джерсиде тұрып, Uber жүргізушісі болып қызмет істеген. Uber Саиповтың шындығында да көлік жүргізушісі болғандығын және оның өмір-баяны жұмысқа кірер кезінде толық тексерілгендігін растады.

Оқиға туралы алғашқы мәлімдемелерден кейін Президент Дональд Трамп Твиттерде «бұл «АҚШ-та жоқ!» өте ауыр және ақылсыз адамның тағы бір шабуылына ұқсайды» деп мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар