Пәкістанда әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жарты жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды News.am. Сонымен қатар, $2000 көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Айта кетерлігі, Пәкістанда Отбасы кодексіне байланысты әйел құқығы алғаш рет қолдау тауып отыр. Айша бибі күйеуі Шахзад Сакибтің оның рұқсатынсыз екінші әйел алғанын айтып, арыз жазған. «Әйелінің рұқсатынсыз екінші мәрте некелесу – заңға қайшы», - деді әйел арыз беру үстінде.
Ал күйеуі мұндай шешімге қарсы шығып, шариғат бойынша 4 әйел алуға болатынын алға тарты. Алайда сот оның айтқандарын қабыл алмады.
Ислам идеологиясы кеңесі әйелінен рұқсат алу жайында заңнаманы жиі сынға алатын. Бірақ аталмыш кеңестің ұсыныстары заңда қаралмайды.
Пікір қалдыру