Бүгінге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171012075840363_small.jpg

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. 

Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерде тұман, көктайғақ болжанған.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с соғады, тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, тұман болады. 

Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғады деп болжанып отыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар