2017 жылы 30 журналист өлтірілді

/uploads/thumbnail/20171102114518978_small.jpg

2 қарашада бекітілген журналистерге қарсы қылмыс үшін жазасыз қалуды тоқтатудың халықаралық күніне орай БҰҰ-ның арнайы баяндамашылары  2017 жылы 30 журналиске шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы хабарлады, деп жазады, Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Биылғы жылы әлем мақсатты шабуылдардың салдарынан 30 журналистен айырылды», - деді БҰҰ-ның соттан тыс орындау жөніндегі арнайы баяндамашысы Агнес Кэламар және БҰҰ-ның пікір бостандығы құқығын қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы Дэвид Кэй.

Спикерлер БАҚ өкілдеріне жасалған шабуыл демократия негіздеріне қол сұғушылық екенін айтты. Калламар және Кэйдің мәліметінше, шабуылдарға тап болатын журналистер көбіне биліктің былығын ашпақ болған немесе жемқорлықты жария етпек мақсатта зерттеу жұмыстарымен айналысып жүргендер екені анықталды.

Құқыққорғаушылар медиа өкілдеріне қатысты барлық қылмыстық іс әрекеттерге қатысты  тәуелсіз және әділ тергеуді талап етіп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар