Түркия өзінің алғашқы отандық көлігін құрастырмақ

/uploads/thumbnail/20171103113736737_small.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алғашқы отандық жеңіл көлікті жасаудың жобасын жүзеге асыру турасында мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жергілікті Анадолу агенттігі хабарлады.

Автомобильді құрастыру бірлестігіне  Anadolu, BMC, Kıraça және Zorlu холдингтері, сондай-ақ Turkcell телекоммуникациялық компаниясы кіреді.

Жобаны таныстыру рәсімінде сөз сөйлеген президент 2016 жылы Түркияда 757 мың автомобильдің сатылғанын айтты. «Нарығы дәл осындай әлеуетке ие мемлекеттің отандық автомобильді құру жобасын жүзеге асыра алмауы мүмкін емес. Бүгін біз тарихи қадамға бет алдық», - деді Ердоған.

Түрік басшысының айтуынша, отандық автомобильді құрастырудың жобасын жүзеге асыруды жақын уақытта бастап кету керек. Оның алғашқы нұсқасы 2019 жылға дейін дайын болуы тиіс.

«2021 жылы автомобиль сериялы өндіріске шығады. Аталмыш жоба 2023 жылға дейін Түркияның даму мақсаттарына арналған бағдарламасында ерекше маңызға ие. Және бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды», - деді президент.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар