Ресей премьер министрі Дмитрий Медведев Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы қайшылықтарға қатысты пікірін ТМД елдері басшыларының Кеңес отырысы қорытындысы бойынша Ташкентте өткен баспасөз конференциясы кезінде білдірді. Бұл туралы Sputnik Kazakhstan жазады.
Ресейлік премьер ТМД елдері арасындағы тауар алмасу процесіне жағдай жасау, кедендік процедуралар оңай әрі түсінікті болатындай ету керек екенін айтты.
«Бүгіннің өзінде Қырғызстан мен Қазақстан арасында пікір қайшылықтары орын алып отыр. Мұндай қайшылықтар болып тұрады. Қазіргі уақытта ең бастысы еркін сауда-саттық қызметтері туралы келісім жасасу.
Бұл құжат сараптамалық өзгерістерден өтті. Ендігі уақытта бізде екі сауда аймағы болмақ: тауар саудасы мен қызмет саудасы. Бұл еркін сауда-саттық жасауға мүмкіндік берметін бастама »-деді Медведев.
Пікір қалдыру