Талдықорғанда есірткі бизнесімен күрес облыстық басқармасы есірткі өткізіп жүрген ер адамды ұстады. Ұсталған ер адамның тұрғылықты мекен жайынан ірі көлемдегі марихуанна табылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Есірткі саудасымен айналысқан 1984 жылғы ер адам ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қамауға алынды.
Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің үйінен 7 келі марихуанна табылды. Белгілі болғандай, ер адам бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.
Осы жылдың ішінде, аумақ территориясында 3800 келі есіркі тәркіленіп, оның 6 келісі героин болған.
Пікір қалдыру