Мексикада соңғы 15 жылдағы ең ірі мұнай кен орны табылды

/uploads/thumbnail/20170814130201618_small.jpg

Мексикада соңғы 15 жылдағы ең ірі мұнай кен орны табылды. Ол Веракрус штатында орналасқан. Алдын ала зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мұндағы алғашқы қор көлемі 1 жарым миллиард баррельге бағаланып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости  мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Жаңа орын «Иксачи-1» деп аталады. Алдағы уақытта мұнда қара алтын өндіріле бастауы тиіс. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл жұмыстар әлдеқайда жылдам жүргізіледі әрі арзанға түседі. Өйткені «Иксачи-1» инфрақұрылымы жақсы дамыған мұнай кен орындарына жақын орналасқан.

Айта кеткен жөн, Мексика ОПЕК құрамына кірмейтін елдер қатарында ірі мұнай өндіруші саналады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар