Қостанайдағы КСК шағын ауданында өрт болып, 64 адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға 5 қараша күні Қобыланды батыр көшесіндегі 24-ші үйде болды.
«Өрт сөндіруге 24 адам және 9 арнайы техника жұмылдырылды. Солтүстік өңірлік аэро-ұтқыр жасағынан 4 адам шақыртылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны өрт ошағында қалған адамдарды іздеді. Тұрғындар жоғарғы қабаттан автосатылар арқылы төмен түсірілді. Өрт 02:37-де ауыздықталды», — деп жазған ТЖД баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде. Өрт аумағынан 1960 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Барлығы 64 адам қызыл жалыннан оқшауланды. Оның ішінде алтауы - балалар. Өрт толықтай 3:04 сағатта өшірілді.
Пікір қалдыру