Техастағы атысқа байланысты АҚШ тулары төмен түсірілді (видео)

/uploads/thumbnail/20171106105833801_small.jpg

Дональд Трамп Техастағы шіркеуде болған атыс құрбандарын еске алу үшін АҚШ туларын «9 қараша күн батқанға дейін» төмен түсіруге бұйрық берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Техастағы шіркеуде орын алған атысты Трамп «зорлық-зомбылықтың мағынасыз әрекеті» деп атады. Қанды қырғынға байланысты Ақ үйде және барлық мемлекеттік ғимараттарда, әскери базаларда, АҚШ-тың федералды үкіметінің кемелерінде, елшіліктер мен өкілдіктерде тулар төмен түсіріледі.

АҚШ-тағы бұл оқиға ресми аза тұту болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Техастағы Баптисттік шіркеуде атыс кезінде 27 адам қаза тапқан болатын. Атысты АҚШ-тың Әуе күштерінде қызмет еткен 26 жастағы Девин Келли жасаған.

Қылмыскер шіркеуден шыққанда оған жергілікті тұрғындар оқ ата бастаған. Кейінірек қылмыскер автокөлігінде өлі күйінде табылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар