Иракта екі бірдей жарылыс орын алды

/uploads/thumbnail/20171106123638826_small.jpg

Ирактың Киркук қаласында екі бірдей жарылыс болып, кемі 5 адам ажал құшты. 20 шақтысы жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені көбінің халі нашар,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Беліне жарылғыш байлап алған жанкешті қала орталығындағы Атлас көшесінде өзін-өзі жарып жіберген. Көп ұзамай оқиға болған жерде тағы біреу дәл сондай жарылыс жасаған.

Терактіні әлі ешбір топ мойнына алған жоқ. Дегенмен жергілікті билік өкілдері шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік тобы» жасауы мүмкін дейді. Айта кетейік, осыдан 1 ай бұрын Ирак әскерилері қаланы содырлардан азат еткен еді. Бұл жарылыс – сол уақыттан бері жасалған бірінші шабуыл.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар