Сауд Арабиясы билігі жемқорлықпен күрес мақсатында арнайы комитет құрып, король әулетінің 11 ханзадасы және 4 министрді ұстады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сауд Арабиясының королі Абдул-Азиз Әл САУД жемқорлықпен күрес жөнінде және елдегі билікті асыра пайдаланушылықты жою мақсатында жарлық шығарған. Бұл туралы корольдіктің ресми жаңалықтар агенттігі Saudi Press Agency хабарлаған.
Саудиялық монархтың айтуынша, жоғарғы билік өкілдері арасынан өз мүдделерін асыра пайдаланып, заңсыз жолмен әрекет ететіндер табылды.
Осыған орай, корольдікте қаржылық алаяқтық пен билікті асыра пайдаланушыларды ұстау үшін бірқатар науқандар өткізеді.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Жарлыққа сәйкес жаңа комитеттің қызметкерлері Сауд Арабиясы корольдік отбасының 11 мүшесі мен онға жуық министрді ұстаған.
Kingdom Holding инвестициялық компаниясының иесі, корольдің жиені, миллиардер әл-Валид ТАЛАЛ жемқорлықпен ұсталғандардың тізімінен көрінді.
Пікір қалдыру