Түнгі клуб күзетшісі: қыздар мұнда қалталы еркектерді аңдып келеді

/uploads/thumbnail/20171106135813168_small.jpg

Төрт жыл бойы күзетші болып жұмыс істейтін Бексұлтан есімді азамат - соңғы жылы қызмет етіп жүрген түнгі клубтың келушілері туралы айтып берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  vastane.kz «Инстаграм» парақшасына сілтеме жасап жазады. Клубтың келушілері көбіне ішімдік ішу үшін келеді:

-«Түнгі клубта күзетші болып жүргеніме бір жыл болды және менің кәсібім ең керекті қызметтердің бірі екендігіне шүбәм жоқ. Әйел, еркек немесе лауазымына қарамай, ішіп алса кез келген адам қадір-қасиетінен жұрдай болары жасырын емес. Сондай жағдайда менің өте қатты еңбектенуіме тура келеді. Өйткені олар бір-бірімен төбелесіп немесе басқа нәрселерді бүлдірмесін деп қарап жүремін»

Бексұлтанның айтуынша ол қаншама рет төбелескендерді ажыратумен болған.

-«Жасы келген, бай, жоғары лауазымды еркектер  көбіне біздегі вип бөлмелерді жалдап, өздерін өте әдепсіз ұстайды. Қыздардың көзінше бір-бірін балағаттап, артынан төбелесіп, клубтың тәрелкесі бар ма, қымбат қор-қор болсын, жиһаздарды да сындыра береді. Бірақ, шыны керек, олар зақымдаған заттарды үш есе бағамен клуб иелеріне қайтарып, төлеп береді».

Күзетші әңгімесінен қыздар да тыс қалған жоқ. Оның айтуынша:

-«Еркектің махаббаты жетіспеген қыздар, ортаға шығып алып билейді. Мұндай кезде оларды тоқ ұрып жатқандай көрінеді. Соңғы кездері ішіп алған қыздардың бір-бірімен сүйісіп жатқандығын байқайтын болдым. Менің ойымша, олар бір-бірін сүйгендіктен емес, басқалардың назарын аудару үшін осындай әрекетке баратын сияқты».

Оның үстіне, соңғы кездері қыздардың ішінде де өзін өте нашар ұстайтындары бар екен.

-«Мәселен, қыздарға ақырын ғана барып, ескертпе жасағанда олар баж етіп өзіңе айғайлап береді. Тіпті, маған қол ала жүгіргендері де болды. Клубтан жүре алмастай халге жетіп, мас болған қыздарды сыртқа шығарғанымда да олар артымнан айғайлап қалатын».

Бексұлтан ондай қыздарға қатты ашуланбай, түсінуге тырысатынын айтады. Алайда ол қыздардың басқа «сылқым» тобына қатты жыны келетінін жасырмады.

-«Клубқа қалталы азаматтардың басын айналдыруға келетін «сылқым сұлулардың» басты мақсаты туралы клуб қызметшілерінің барлығы біледі. Олар барға барып сусынға тапсырыс береді. Олар үнемі екі-екіден жүреді және бір-бірімен селфи жасайды»,- дейді күзетші.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар