Техаста болған атыс кезінде зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақ мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Айта кетейік, Техастағы Баптисттік шіркеуде атыс кезінде 27 адам қаза тапқан болатын. Атысты АҚШ-тың Әуе күштерінде қызмет еткен 26 жастағы Девин Келли жасаған.
Қылмыскер шіркеуден шыққанда оған жергілікті тұрғындар оқ ата бастаған. Кейінірек қылмыскер автокөлігінде өлі күйінде табылды.
Техастағы шіркеуде орын алған атысты Трамп «зорлық-зомбылықтың мағынасыз әрекеті» деп атады. Қанды қырғынға байланысты Ақ үйде және барлық мемлекеттік ғимараттарда, әскери базаларда, АҚШ-тың федералды үкіметінің кемелерінде, елшіліктер мен өкілдіктерде тулар төмен түсіріледі.
АҚШ-тағы бұл оқиға ресми аза тұту болып саналады.
Пікір қалдыру